Соның, бүгінгі таңда 149 орындалған. Ал, 95-тапсырма тұрақты, 98-тапсырманың мерзімі бар болса, 39-тапсырма орындалмағандардың қатарында тұр.
Осы орайда, аудан әкімі, орынбасарлары мен дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ, кент әкімдерімен жиын өткізіп, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын егжей-тегжейлі талқылады.
Әр тапсырманың артында ауылдың және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселе тұрғаның алға тартқан аудан басшысы, тиісті басшыларға жауапкершілікті арттыру, тапсырмалардың нақты, сапалы әрі уақытылы орындалуын міндеттеді. Тапсырманың күрделілігіне қарай мерзім белгіледі.
Өз міндетіне немқұрайлы қараған басшыға Заң аясында тиісті шаралар қолданылатындығын ескертті.
Сонымен қатар, жиында облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы да қаралып, сараланды. Жалпы, қазіргі таңда, өңір басшысы тарапынан ауданымызға қатысты бақылауда тұрған 6 мәселе болса, соның 5-і орындалу үстінде. Ал, 1 тапсырма қомақты қаржыны қажет еткендіктен облыстық құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылуда.