Сейсенбі, 20 Мамыр 2025 14:22

Созақ ауданы: Шу ауылын абаттандыруға басымдық берілуде

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шу ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен таныстырып, аудан көлеміндегі ауқымды жобаларға да жеке-жеке тоқталды.

Биыл Шу ауылдық округінде қатты-тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон мен ұсақ малдарды тоғытатын нысан салынады. Жабық үлгідегі шағын футбол алаңы салынып, Абай және Салкауов көшелері асфальтталады. Мұқанов, Иманов және Сатбаев көшелеріне қиыршық тас төселіп, жөндеу жүргізіледі. Көше атауы тақтайшалары мен электр бағандары сәндік жарықпен безендіріледі. Кіші футбол алаңы жөндеуден өтеді. Ауыл кіреберісіне арка орнатылып, орталық саябақ абаттандырылады.

Кездесу барысында ауыл қариялары мен тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, өз алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ бірқатар тұрғындар электр қуатының сапасын арттыру бойынша өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар мәслихат депутаттары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 11 рет