Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған. Аудан басшысының осы тапсырмасының негізінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен жолаушылар тасымалдаушы мердігер мекеме «SARavto» ЖШС-і тиісті нәтиже көрсетіп, бүгінде аудан көлеміндегі 13 дана қоғамдық көлікті жаңартуға қол жеткізді.
Таяуда аудан басшысы арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы лизингке алынған, аталған су жаңа отандық қоғамдық автокөліктердің 6 данасын салтанатты рәсіммен халық игілігіне пайдалануға табыс етті. Арнайы рәсімде аудан әкімі халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы тапсырманы нәтижелі орындаған тиісті сала мен мердігер мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық тасымал бағытындағы тұрғындар игілігі үшін атқарылатын шаруалар толастамай жалғасын тауып, барлық бағыттардағы аялдамалар да жаңартылатынын жеткізді.
Айта кетейік, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде 4 және халық көп шоғырланған Шұбарсу ауылында 2 қоғамдық автокөлік бүгіннен бастап жолаушыларды тасымалдайды. Қалған 7 автокөлік жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, қосымша қондырғылармен жабдықталып, мамыр айының соңына дейін жеткізілетін болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат