Осыған орай, мамыр айына жоспарланған «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мәселелері» тақырыбы бойынша іс-шара Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекеніндегі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында өтті.
Іс-шараға қатысқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен әлеуметтік төлемдер орталығының мамандары тұрғындарға өз салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жан-жақты түсіндіріп, сауалдарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады... Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс «Адал азамат» дегеніміз-осы»-деп атап көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.
Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр. Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.
Осы тұста айта кетер болсақ, шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Департаменттің сенім телефоны» көрсетілген ақпараттық баннерлер облыстың барлық ХҚКБ, Мамандандырылған ХҚКБ, Жер кадастры және тіркеу, Әлеуметтік сектор бөлімдеріне, аудан, қала, ауыл округ әкімі аппарттарына, қызмет көрсетуші барлық ұйымдар ғимаратының көрнекі жерлеріне орналастырылды.
Орташа есеппен күнінен 5-10 азаматтар Департаменттің сенім телефонынан хабарласу арқылы өздерінің сұрақтарына жауаптар алуда. Сол сияқты, қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы телеграм каналы іске қосылып, онда барлық қызмет көрсетуші мекемелердің қызметшілері мен ерік білдірген қызмет алушылар қосылған. Аталған алаңда, қызмет алу кезіндегі кез-келген сұрақтар мен ұсыныстар айтылса, жауапты қызметшілер тарапынан тиісті консультациялар беріліп, қатысушылар тарапынан жағымды бағалар мен пікірлер берілуде.
Осы орайда, Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін және сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған шаралардың бірден бірі екендігін атап өткен жөн. Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының сапалы мемлекеттік қызмет алуы Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат