ТҮРКІСТАН: «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНІҢ «JANA LEP» ҰЖЫМЫ «АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ» СПЕКТАКЛІН САХНАЛАЙДЫ
Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде 10 сәуір күні Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің премьерасы өтеді.
Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде 10 сәуір күні Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің премьерасы өтеді.
Сайрам ауданында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Заң мен тәртіп» атты форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ҚМДБ ұстазы Қабылбек Әліпбайұлы, аудандық прокуратура мен ауданның құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, құқықтық тәртіпке жауапты тұлғалар мен қоғам белсенділері қатысты.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораевтың басшылығымен Шымкент қаласының №68 жалпы білім беретін мектебінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныбын ашты. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімдер мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам болды.
Созақ ауданында тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылым саласына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын ағын сумен қамту мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелмек.
Отырар ауданының көрікті көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу ауданда үрдіске айналған.
Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ, жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жүргізу болып табылады.
Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.
Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағындағы құрылыс және қайта құру жұмыстары 13 ірі нысанда жүріп жатыр, жалпы ұзындығы 43,7 шақырымды құрайды. Бұл нысандарға келесілер кіреді:
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300 түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан әкімімен бірге мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер бір кісідей атсалысты.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданында жедел штаб отырысын өткізіп, шегірткеге қарсы химиялық өңдеу бойынша жауаптылардың есебін тыңдады.