Түркістан облысы: Түлкібас ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының есебі тыңдалды
Бүгін аудан әкімдігінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының жай-күйі туралы жиналыс өтті. Жиынның мақсаты кәмелетке толмағандарға байланысты қылмысты талдау, осы бағытта құзыретті органдардың атқарған жұмысын қорыту және алдағы уақытта осы бағытта қойылатын қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді белгілеу болды.