Шымкент: "Малибу" кафесіне санитарлық нормаларды бұзғаны үшін хаттама толтырылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Талапқа сай, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді.

