Түркістан: Әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша аудартып отырған жігіт ұсталды

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы «ОҢАЙ АҚША ТАБУ» атты ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдымен 35 000 теңге салдыртып, екі еселеп көбейтіп беретінін айтып қызықтырған.

Түркістан: Сайрам ауданында төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапқа тартылды

Бүгін əлеуметтік желіде Сайрам Ауданы Қарабұлақ елдімекенінде түсірілген видео тарады.Осы видеода аталған жағдайға байланысты аудан әкімшілігі, кәсіпкерлік бөлімі, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінен құрылған топ жұмыс істеді.

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Қазақстан республикасының Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсетіледі

Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда, деп жазды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарламада.

Шымкент: блок-бекеттерде рұқсаты жоқ 6090 автокөлік кері қайтарылған

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласында короновирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған.

Шымкенттегі блок-бекеттерде 669 қызметкер жұмыс істеуде

Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында Шымкентте барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынды.

Түркістан: Қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.

Шымкент: қоғамдық көліктерге талап қатаң

Коронавирус қауіпін көп тудыратын орынның бірі қоғамдық көліктер. Күніне мыңдаған адамға қызмет көрсететін қаладағы автобустарда залалсыздандыру жұмыстары қаншалықты жүргізілуде? Тұрғындар күнде пайдаланатын тасымал саласы қауіпсізба?