Сайрам: Арнайы мобильдік топтар шектеу шараларын 24/7 бақылауда

Сайрам ауданының басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудандық мобильді топ жетекшісінің орынбасары Т.Сәулембай, аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары С.Ботабеков бастаған мобильді топ Көлкент, Ақсукент, Қарабұлақ ауылдарындағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, нысан иелеріне бірқатар ескертулер жасады.

Сайрам: Мобильді топтар жұмысын үздіксіз жалғастыруда

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты шаралардың күшейтілетіні аудан кәсіпкерлеріне алдын-ала ескертілген.