Super User

Super User

Түркістан облысында қоқыс полигондарын реттеу, қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары күшейтілді

Түркістан облысының аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдық тастайтын полигон бар. Оның ішінде 35-і аудандық болса, 40-ы ауыл округінде орналасқан. Ал 50-і сенімгерлік басқаруға берілген. Жүргізілген талдау нәтижесінде облыстағы полигондардың көпшілігі санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылып, алдағы жоспарлар мен өзекті мәселелер сараланды. Облыс әкімі жауаптыларға аталған мәселені шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Түркістан облысында жылыту маусымы кезінде апатты жағдайлардың алдын алу бойынша рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр

Биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудан 18 адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алған. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Түркістан облысының үздіктері жеңіс тұғырынан көрінді

Ауыл мектептері оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздіктердің есімі анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша, Түркістан облысынан 38 оқушы қатысып 16 оқушы жүлделі орындар иеленіп 6 оқушы мақтау қағазымен марапатталды!

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында әр аптаның сенбі күні кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрақты түрде жалғасып келеді.

Осы RSS каналға жазылу