Түркістан облысы: М-32 «Самара – Шымкент» автожолындағы бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді
Түркістан облысында туризмді дамыту, туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын қамту жұмыстары ұдайы жалғасып келеді. Бүгін М-32 «Самара – Шымкент» автомобиль жолының бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. 2056 шақырымдағы жол айрығы «Самара– Шымкент-Орал-Ақтөбе-Қызылорда» қалаларына бағытталады. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.