Түркістан облысында балаларды оңалту орталықтарының қызметі жанданады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиниятпен кездесті. Кездесу барысында облыстағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін оңалту қызметінің сапасы мен деңгейі, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары, қызметті одан әрі дамыту бағыттары жан-жақты талқыланды.