Түркістанда әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтті
Түркістан қаласының Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Шардара, Жетісай, Мақтаарал және Сауран аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей саудаға шығарды. Сонымен қатар, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген 50 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері ұсынылды.