Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыс қаласына газ келетін күн жақын

Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистральды газ құбыры тартылғаны белгілі. Сейсенбіде осы құбырды Арыс қаласының негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Жазғы Азия ойындарына 52 спортшы барады

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындық – басты назарда

Түркістан облысы әкімдігінің селекторлық мәжілісінде мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, өңірдің жылыту маусымына әзірлігі және Түркістан қаласын дамыту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тиісті сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жаңа оқу жылына дайындық мәселесін назарда ұстау керектігін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілеп, актив алдында таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Нүкенов жауапты қызметті сеніп тапсырған өңір басшысына алғысын білдіріп, өз міндетін барынша адал атқаратынын жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Осы RSS каналға жазылу