Созақ ауданының әкімі Құмкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Алдымен округ әкімі Ерзат Балықбаев тұрғындарға ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен таныстырды.