Түркістан облысы: Атамекен ауыл округіндегі жолдар жөнделіп жатыр
«Жол жөндеу жұмыстарында көзбояушылыққа жол берілмеуі керек. Әсіресе, төселініп жатқан асфальт жолдардың ені мен қалыңдығы талаптарға сай болуы қажет». Бұл туралы Жетісай ауданының Атамекен ауыл округіне қарасты Жеңістің 40 жылдығы елдімекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.