Түркістан облысы: Ордабасы ауданы ауыз сумен 100 пайыз қамтылды

Мемлекет басшысының барлық елді мекендерді таза ауыз сумен 100 пайыз қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданында жүргізілген жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып, биыл бұл межеге толық қол жеткізілді. Осылайша Ордабасы Президент тапсырмасын мерзімінде орындап, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз еткен өңірлер қатарына қосылды.

Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға тұрғын үй табысталды

Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы мақсатта ауылға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады. Салтанатты шара барысында ауыл қариясы Садық Әбдірашұлы аталған игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар баспана иесінің қуанышын бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Түркістан облысы: Отырарда кәсіпкерлікті бастау және жүргізу, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысында энергетика саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістан қаласында Энергетиктер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында сала мамандарына құрмет көрсетіліп, облыстың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан еңбеккерлер марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Түлкібас ауданындағы қызылбастау ауылында жаңа медициналық тірек ашылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылдардағы әлеуметтік меселелерді шешу, әсіресе медициналық нысандарды ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытты Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түлкібас ауданына қарасты Қызылбастау ауылында көптен күткен жаңа медициналық тірек ел игілігіне берілді.

Түркістан облысы: Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде заманауи үстел теннис орталығы қолданысқа берілді

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінде «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен заманауи үстел теннис орталығы қолданысқа берілді. Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Түркістан облысы әкімінің халықпен кездесуіндегі айтылған мәселе шешімін тауып, Жетісай ауданындағы Тың елді мекені табиғи газға қосылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің табиғи газға қосылу шарасына қатысты. Тұрғындармен кездесіп, пікір алмасты. Халықпен кездесуде көтерілген мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді.

Түркістан: облыс әкімі орынбасарының жеке қабылдауына келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, жеңілдетілген несие алу мәселелерін көтерді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеп, сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, жеңілдетілген несие алу мәселелерін көтерді.

Түркістан: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді

Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе және Ақбастау ауылдарында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана пайдалануға берілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Ынталы елді мекенінде жаңадан салынған 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тұрғындар үшін маңызды ғимараттың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтімен құттықтады.