Шымкентте спорт мектебі ашылды
Тәуелсіздік тартуы. Шымкентте тағы бір спорт мектебінің лентасы қиылды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.
Тәуелсіздік тартуы. Шымкентте тағы бір спорт мектебінің лентасы қиылды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.
Қазақ күресі федерациясының басшысы Асан Балтабай, аға жаттықтырушылар және қазақ күресінен жас балуандар басқарма басшысының қабылдауында болды. Кездесудің басты мақсаты – жас балуандардың жетістіктерін бағалау, олардың спорттық жолындағы табыстарын талқылау және алдағы жоспарларды айқындау болды.
Ақтауда бокстан жастар арасында Ел чемпионаты аяқталды. Бұл Ел чемпионаты жас спортшыларға 2025 жылға іріктелетін маңызды дода болды.
Дәстүрлі садақ ату спорт түрінен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, және 16 - желтоксан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне” орай, жасөспірім мергендер арасында Шымкент қаласында ашық турнир өтті.
Шымкент қаласында ұлттық және ат спорты түрлерінің ашық біріншілігі өтті. Конкур спорты «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» және Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаттарының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нидерландының Эйберген қаласында өткен шағын футболдан “World Police Indoor Soccer Tournament” халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған ҚР ІІМ құрама командасында өнер көрсеткен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүздесті.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровты және грек-рим күресі бойынша әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ көптеген отандық турнирлердің жеңімпазы Әлімхан Сыздықовты қабылдады.