ШЫМКЕНТ — №1: НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА АСТАНА АЛАҢЫНДА ҒАЖАЙЫП МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Шымкент қаласында Наурызнама аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар легі өз жалғасын тауып, Астана алаңында ерекше форматтағы ауқымды кеш өтті. Бұл күні алаңда ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар үйлесім тауып, көрерменге айрықша әсер сыйлады. Бабалардан жеткен салт-дәстүр мен бүгінгі жастардың жігері тоғысқан кеш көтеріңкі көңіл-күйімен ерекшеленді.