Super User

Super User

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.

Отырарда «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты рухани кеш өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында белгілі суретші, ақын, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлымен кездесу өтті.

Түркістан облысының ұстаздары республикалық білім олимпиадасында жүлдегер атанды

Алматыда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Түркістан облысының педагогтары жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді.

Ордабасы ауданында көгалдандыру қоры кеңейіп келеді

Табиғатты қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы RSS каналға жазылу