Super User

Super User

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік компания басшылары және инвесторлармен кездесу өткізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті мен ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Шақыртуды қабыл алып, Түркістан облысына арнайы келген инвесторларға алғысын білдірді.

Түркістанда 300-ге жуық компанияның қатысуымен халықаралық инвестициялық форум өтті

Түркістан облысының орталығында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Маңызды шара барысында көрме ұйымдастырылып, келушілер мен инвесторлар назарына өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар облыста іске асып жатқан инвестициялық жобалар легі ұсынылды.

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында жастардың қатары артып келеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Республика жастары: Болашаққа бағдар – елге қызмет» атты жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – жастарды еңбексүйгіштікке баулу және кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Түркістан облысы: Сауранда «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп ашылды

Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу