Super User

Super User

Түркістан облысы: қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен ізгілендіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер жөненді мәжіліс өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Келешек мектептері» жобасымен жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысы Арыс қаласының «Тараз» ықшамауданында жаңа «Келешек мектептері» жобасымен №2 мектеп өз жұмысын бастады. Заманауи білім ошағының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығы жойылды. Мектеп директоры Талғат Сағатұлының айтуынша, жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері буын ауруларына тіліксіз ота жасау тәсілін меңгеруде

Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары тізе буын жарақаттарын артроскопия әдісімен емдеуді меңгеруде. Бұл – үлкен тілік жасамай, арнайы камера және құралдар арқылы орындалатын минималды инвазивті, дәлдігі жоғары заманауи хирургиялық тәсіл. Осы мақсатта ауруханаға артроскопия аппараты орнатылып, тізе буынына тіліксіз ота жасауға толық жағдай жасалды.

Түркістанда ескек есуден Қазақстанның – 11, Азияның 3 біріншілігі және триатлоннан Азия кубогі өтеді

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ескек есу спорт түрлері бойынша Қазақстанның «Қайық» федерациясы басшылығының, облыстардың жаттықтырушылар құрамының қатысуымен республикалық жаттықтырушылар кеңесі өтті. Жиында 2026 жылға арналған жарыстардың күнтізбелік жоспары талқыланып, ресми түрде бекітілді.

Осы RSS каналға жазылу