Түркістан қаласында 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды
Түркістан қаласында тағы 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды. Енді қаладағы әлеуметтік дүкендер саны 30-ға жетті. Ғимараттар жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен салынып, игілікті бастама «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда. Жұмысын бастаған әлеуметтік дүкендерге тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіліп, белгіленгенбағада халыққа ұсынылып жатыр.