Киім дизайнері: Өнер мен кәсіптің үндесуі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, киім дизайнерінің рөлі мен маңызын ерекше атап өту қажет. Киім дизайны – бұл тек сән әлемінің шеңберіндегі кәсіп емес, ол адамның тұлғасын, әлеуметтік мәртебесін, мәдени көзқарасын білдіретін өнердің бір түрі.

Шымкентте Орта Азиядағы ең ірі жылыжай кешені бой көтеруде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өтті.

Биыл Шымкентке тартылатын инвестиция көлемі артады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында:

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді.

Шымкенттің туризм, креативті индустрия және сыртқы байланыстар саласындағы жаңа мүмкіндіктері

2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласына 243 мыңға жуық турист келген. Оның басым бөлігі – ішкі туристер болса, 15,5 мыңнан астамы шетелдік қонақтар. Қаладағы орналастыру орындарының саны 159-ға жетіп, төсек-орын қоры 34%-ға артты. Қызмет көрсету көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 6,3 млрд теңгеден асты.

Цифрлық экожүйе мен жасанды интеллект - Шымкенттің болашағы

Шымкент қаласында «Smart City» эталондық стандарттары негізінде жасанды интеллект элементтерін қолданатын бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар білім, көлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік салаларын қамтиды.

Шымкент: Қала әкімінің орынбасары баспасөз брифингін өткізді

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз брифингін өткізіп, цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Шымкентте бокстан әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханды бүгін Шымкент қаласының халықаралық әуежайында зор құрметпен күтіп алу іс-шарасы өтті. Қос чемпионды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, жерлестері, жанкүйерлері және туған-туыстары қарсы алды.