Шымкентте «Асыл мұра» өнер фестивалі өтті

Қазақтың рухы – күй мен жырда, әуез бен сазда. Бабалар аманатын арқалаған қара домбыраның үні естілсе, жүрек тебіреніп, елдің жан дүниесі жаңғырады. Осындай асыл өнердің арнасын кеңейтіп, ұрпақ санасына сіңіру үшін Шымкент қаласында «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтті. Айта кету керек, шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Шымкент: Тұран ауданы түрленіп келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жаңа аудан болғанымен, мұнда халық саны қазірдің өзінде 232 мыңнан асып отыр. Құрамында 21 шағынаудан, 548 көпқабатты тұрғын үй және 39 мыңнан астам жеке үй бар. Әкімнің айтуынша, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін инфрақұрылымнан бастап абаттандыруға дейінгі бағыттардың бәріне көңіл бөлініп келеді.

Шымкентте «Кәсіподақ RUN 2025» жүгірісі өтті

Бұл тамаша таңда Шымкент қаласы спорттық және қоғамдық бірліктің орталығына айналды. «Кәсіподақ RUN 2025» ауқымды жүгірісінің бастауында 500-ден астам қала кәсіподақ мүшесі бір ізгі мақсатпен біріктіріліп шықты. Оның ішінде 230 кәсіподақ мүшесі немесе 50 пайызға жуығы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалынан қатысты.

Шымкентте «Iliyas Boxing Academy» спорт залы ашылды

Шымкент қаласында спорттың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейтін жетістіктер аз емес. Жуырда ғана өткен әлем чемпионатында ағайынды қос жігіт ел қоржынына екі бірдей алтын салса, бұған дейін де талай шымкенттік спортшылар олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде алтыннан алқа тағып, күміс пен қола жүлделерді иеленген. Мұның барлығы өңірде спорт саласына жасалып жатқан қолдаудың нәтижесі екені белгілі.

Президент Жолдауы аясында көлік саласы талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көлік және логистика саласын дамытуға айрықша мән берілді. Әсіресе елдің транзиттік әлеуетін күшейту ісінде мегаполистердің, соның ішінде Шымкент қаласының стратегиялық рөлі ерекше аталды.

Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды

Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.

"Даналық көпірі" жастар мен қоғамды тоғыстырды

Шымкентте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесулер өтуде.