Созақ ауданында Құтқарушылар күні салтанатты түрде аталып өтті
Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және 19 қазан – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және 19 қазан – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.
Сауран ауданында шағын кәсіпорындар саны артып келеді. 2024-2026 жылдар аралығында ауданның бірнеше ауыл округтерінде өндіріс аймақтары құрылуда. Бірінші кезеңде Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен 55 гектар жер бөлініп, 5 өндіріс алаңы құрылды. Осы алаңдарға 115 цех салу жоспарланып отыр.
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Әйел кәсіпкерлердің ІІІ Өңірлік бизнес-форумы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына арналып отыр.
Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
Күздің қара суығы сезіле бастаған тұста тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың белең алу қаупі артады. Әсіресе мектеп оқушылары мен қарт адамдардың денсаулығына бұл маусым айрықша сынақ кезеңі деуге болады. Осыған байланысты Шымкент қаласында індеттің алдын алу шаралары күшейтіліп, медицина мекемелері толық дайындық режиміне көшкен.
Шымкент қалалық қуыршақ театрында Б.Вегенастың ертегісінің желісімен сахналанған «Қасқыр болғым келеді» атты жаңа қойылымының премьерасы қазақ және орыс тілінде өтті. Театр ұжымы жыл басынан бері 200-ден астам қойылым сахналап үлгерген. Соның ішінде «Қасқыр болғым келеді» атты жаңа спектакль де балаларға арналған ерекше тәрбиелік мәні бар туынды.
Сауран ауданының Майдантал ауылдық округінде аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында арнайы бөлінген 0,6 гектар аумаққа картоп пен қызанақ егілген. Бүгінгі таңда алғашқы өнім жиналып, тұрғындар күзгі терімге атсалысты. Жиналған көкөністер ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін таратылуда. Бұл шара күнделікті тұрмыстық қажеттілікті өтеуге елеулі көмек болып отыр.
Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында әнші, сазгер Айгүл Бажанованың шығармашылығына арналған «Айгүлдің әсем әндері» атты облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды.