Ордабасы ауданы: маңызды жобалардың қарқыны қадағаланды
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығында жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысын аралап, жұмыс қарқынын қадағалады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығында жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысын аралап, жұмыс қарқынын қадағалады.
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылауға арналған мәдениет саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. Кездесуге мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Рысбаева қатысты.
Созақ ауданында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шараны аудан прокуратурасы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі сапалы кеңес беру және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту.
Тоғызқұмалақ - Шымкент қаласында қарқынды дамып келе жатқан ұлттық спорт түрінің бірі. Қала спортшылары халықаралық бәсекелерде, Азия және әлем чемпонаттарында жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Шаһарда ұлттық спорт түрінен ҚР чемпионаттары да тұрақты ұйымдастырылуда. 2025 жылдың 1–7 қараша аралығында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында командалық ҚР чемпионаты өтеді.
Бүгін Шымкент қаласында ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және белгілі фарабитанушы ғалымдар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.
Бүгін Шымкент қаласында оқушылар мен жастарды ұлттық өнерге баулу мақсатында ерекше шығармашылық іс-шара өтті. Білім беру мекемелерінің оқушылары Бейсбековтер әулетінің отбасылық «Алтын-Орда» көркемсурет галереясына арнайы экскурсия жасап, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған қыш өнері симпозиумының жұмысымен танысты.
Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты.
Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілін дамытуға арналған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала аумағында 855 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 568 нысан – дене шынықтыру және спорт бағытындағы, 253 – білім беру ұйымдарындағы, 34 – спорт мектептеріндегі нысандар (оның 172-сі жекеменшік) болып табылады.
Өткен аптада Шымкент қаласы бойынша тергеу органдарының өндірісінде барлығы 179 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-і сотқа жолданды. Тіркелген істердің басым бөлігі алаяқтық (59 іс), ұрлық (41 іс), есірткінің заңсыз айналымы (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты (10 іс) деректерден тұрады. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек осы туралы айтты.