Отырар ауданында кәсіпкерлер күні аталып өтті
Отырар ауданында кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Оралбай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Отырар аудандық филиалының директоры Ұлан Абдрахимов, сондай-ақ ауданның белсенді кәсіпкерлері мен қонақтар қатысты.