Руханият

Руханият (142)

Түркістан облысы: ас беру мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланған жиын өтті

Түркістандағы Достық үйінде «Ас беру мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет» тақырыбында кездесу өтті. Келелі басқосуға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, қала имамдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түркістан: облыс әкімі Нұралхан Көшеров қаламгерлермен кездесіп, руханият мәселесін талқылады

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан руханияты мен әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгерлермен кездесіп, пікір алмасты. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, этнограф Қасымхан Бегманов және ақын Қалқаман Сарин қатысты. Кездесуде ел руханияты, ұлттық әдебиет және Түркістан қаласының түркі әлеміндегі тарихи миссиясы кеңінен талқыланды.

Түркістан облысы: Отырарда «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті

Отырар ауданындағы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!» тақырыбында тағылымы мол салтанатты мәдени іс-шара өтті. Тағылымды кеш ардагер ұстаз, ұлағатты педагог Бимурзаев Жұматай Ахметұлының құрметіне арналды. Іс-шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған ұстаздың өнегелі өмір жолын дәріптеу, оны жас ұрпаққа үлгі ету.

Түркістандағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық конференция ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында «Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес. Әйгілі ғұлама тұтас түркі дүниесінде ислам дінінің орнығуына зор үлес қосты. Ясауиден бастау алатын қазақ жеріндегі рухани сабақтастық қазірге дейін үздіксіз жалғасып келеді. Осы орайда ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды» деп, ғұламаның мұраларын зерттеп, дәріптеуді тапсырған болатын. Маңызды тапсырма аясында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Түркістан: қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналар дәріптелді

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Түркістан: республикалық «Ясауитану – 2026» байқауы өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқау аясында оның тарихына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Созақ ауданында «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында жиын өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында мазмұнды жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы жүргізіп, жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Созақ ауданында «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды

Созақ ауданында Түркістан облысында бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.

Созақ ауданы: салт-дәстүр мен ұлттық спорт түрлері насихатталды

Созақ ауданы аумағындағы «Жұмбақ тау» этно-лагерінде өткен «JasSAQ» республикалық этно-реалити жобасы аясында салт-дәстүр мен ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға бағытталған танымды сайыстар ұйымдастырылды.

Осы RSS каналға жазылу