Шымкенттегі тұрғыны көп ауданның бірі – Тұран ауданы. Сәйкесінше осы ауданға қарасты № 2 қалалық емханаға тіркелген пациенттердің де қарасы басқа емханалармен салыстырғанда едәуір көп. Аталмыш, емхана тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі аясында сапалы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін замануи профильді емдеу мекемесі болып табылады. Пациенттері көп емхананың жұмысы да шаш етектен болары сөзсіз. Бірақ, мекеменің білікті де білімді мамандары үлкенді-кішілі емделушілері үшін тізе бүкпей жұмыс істеуге әрқашан да дайын. Әсіресе, осы бір күйбелеңге толы, стресс, депрессия, апатия мен түрлі факторлар жан жағыңнан қаумалаған заманда № 2 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметіне артылатын жүк екі есе.