Сарыағашта Алғыс айту күніне орай кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» аясында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Сарыағаш ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат 09:00-ден бастап әр мекеме өзіне бекітілген аумақта санитарлық тазалық шараларын атқарды.