Түркістан қаласының сыртындағы 23 лагерьде 35 мыңнан астам бала демалады
Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың басты назарында. 2026 жылғы жазғы маусымды жоғары деңгейде өткізу мақсатында өңірлік ведомствоаралық штаб құрылып, 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Аталған жоспар балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, сапалы тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.