Түркістан облысы: Сайрамда мал шаруашылығы қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін
Түркістан қаласында өткен халықаралық инвестициялық форум нәтижесінде Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев Қытай инвесторы Zhongping An мырзамен кездесті. Шетелдік кәсіпкер өз жобасын таныстыру, жүзеге асыру мақсатында Сайрам ауданына арнайы келді.