Түркістан қаласында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Түркістанда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Бөрте» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Әйелдер мен қыз-келіншектерді бастамашылдығын қолдауға арналған маңызды қоғамдық-саяси алаңның ашылуына «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, ізгі тілектерін арнады.

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсетілді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін нығайтуға бағытталған «Еңбек» фотокөрмесі және Инновациялық Хакатон өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы аясында және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: Созақта Тәуелсіздік күні қарсаңында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Созақ ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заманауи үлгідегі «Созақ» спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналған игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында өңір экономикасына серпін беретін заманауи талапқа сай әк зауыты ашылды

Күні кеше Түркістан облысы Түлкібас ауданында өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі өндірістік жоба – «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС-нің әк шығаратын зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың іске қосылуымен құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.

Түркістан облысында қуаты 300 мвт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды

Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған жоба – өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, жасыл энергетика үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: жетісайлық балуандар халықаралық турнирде 15 медаль жеңіп алды

Түркістан облысына қарасты Жетісайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен «Ой қамшы» әдеби, тарихи білім жобасының бастамасымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Оразгелді ата ұрпақтарының демеушілігімен «Елім менің – Қазақстан» ұранымен еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Айтулы сында Жетісай ауданының жасөспірім балуандары 15 медаль иеленді.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында шалғай жатқан ауылдар орталықтандырылған ауыз суға қосылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтерінің бірқатар елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Түркістан облысы: AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды

Қазіргі заманғы білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, нақты өндірістік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта № 34 жалпы білім беретін мектебінде AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды.

Арыстық оқушы республикалық «Жұлдыз болғым келеді» І республикалық байқауында жеңімпаз атанды

Елордада Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналып алғаш рет ұйымдастырылған «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шығармашылық жоба — жас таланттардың арманы мен дауысына қанат бітірудің жаңа алаңы.