Түркістан облысы: Сауран ауданында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салалары қарқынды дамып келеді

Сауран ауданы соңғы жылдары даму қарқынын үдетіп келеді. Ауданның жалпы өңірлік өнімі 36,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 43,6%-ға өскен. Негізгі экономикалық салалар – ауыл шаруашылығы (40%), өнеркәсіп (35%), құрылыс (19%) және сауда (6%). Жыл соңына дейін 135 млрд теңгенің өнімі өндірілмек. Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі – 29,5 млрд теңге. Шаға өндірістік аймағында 10 кәсіпорын іске қосылып, 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 254 жоба жүзеге асырылып, 4 162 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Түркістан облысында жаңа екі су қойманың құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан облысында «Бәйдібек-ата» және «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Көлемі 68 млн текше метр болатын «Бәйдібек-ата» су қоймасы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында, Балабөген мен Үлкен Бөген өзендерінің қосылатын жерінде, жалпы аумағы 860 гектар болатын жерде салынып жатыр. Су қоймасы бөгетінің ұзындығы – 1,75 шақырым, биіктігі – 26 метр.

Түркістан облысы экономикасының негізгі драйверлері – инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы салалардағы жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшыларының есептерін тыңдап, оларға және аудан, қала әкімдеріне осы салалардағы индикаторларды толық орындап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Түркістан облысы: Тәуелсіздік күні қарсаңында арыстық жастар асар арқылы мұқтаж отбасыға баспана сыйға тартты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылында игі іс жүзеге асты. Ауыл жастарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде асарлату дәстүрімен салынған жаңа баспана Досыбаевтар әулетіне табысталды. Баспана табыстау рәсіміне ауыл тұрғындары қатысып, жаңа қоныс иелеріне ақ тілектерін арнады. Ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері жастардың басын қосып, қайырымды іске бастамашы болып жүрген белсенді азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Еңбегі еленген азаматтарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 3 медициналық көмек беру нысаны ел игілігіне тапсырылды

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы Жетісай ауданында құрылысы жүргізілген 3 медициналық көмек беру нысаны ел игілігіне тапсырылды. Мақталы ауылдық округінің Алмалы және Алтынсарин елді мекендерінде бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы биыл мамыр айында басталып, қыркүйекте аяқталған. Қос нысанда 10 дәрігер 2114 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. 1960-1961 жылдары салынған ғимараттар апатты жағдайға жеткендіктен қолданыстан шығарылған.

Түркістан облысы: Келес ауданында 1337 адам тұрақты жұмыспен қамтитын жылыжай салынуда

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған жұмыс тобы келіп, «Ecoculture–Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Түркістан облысы: Тәуелсіздік күні қарсаңында Жаңа ауыл табиғи газға қосылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы орта қалыптастыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту тапсырмасына сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір елді мекенге көгілдір отын берілді. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл елді мекеніне газ беру рәсіміне аудан әкімі Серік Мамытов пен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Жетісай газ шаруашылығының директоры Бақтыбай Акеев, аудандық мәслихат депутаты Мақсат Айнабеков қатысып, тұрғындарды қос қуанышпен құттықтады. Жылдар бойы қатты отынмен бойларын жылытып, күл шығарып келген 2460 тұрғын енді қаладағыдай табиғи газды тұтынатын болады.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының Достық ауылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі Достық елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Аталған нысанның іске қосылуына арналған салтанатты шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан облысында 2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда

Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мәжілісі өтті. Жиналысты партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы және орындалмай қалу қаупі бар нысандар туралы кеңінен талқыланып, «AMANAT» партиясы жанындағы «Әйелдер қанаты» Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстарының есебін тыңдалды.

Отырар ауданы: Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақкөл ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде ауыз су жүйесін жүргізу мен ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды.  Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы, Отырар ауданының прокуроры Әмір Пулатұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.