Түрік инвесторлары Түркістан қаласында жалпы құны 10 млн долларлық жобаны жүзеге асырмақ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркия Республикасының «Sensemi» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Түркістан қаласында заманауи газ өлшеуіш, электр өлшеуіш және су өлшеуіш құрылғыларын өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара пікір алмасып, жобаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Түркістан облысы: Келес ауданында жол қауіпсіздігін күшейтетін жаңа қойма салынуда

Келес ауданы аумағында, нақтырақ айтқанда республикалық маңызы бар автожолдың 141 шақырымында орналасқан Қаратөбе елді мекені аумағында «ҚазАвтоЖол» мекемесінің бастамасымен арнайы қойма құрылысы жүргізілуде. Аталған қойма жолдарды күтіп-ұстау және қысқы кезеңде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында құм, тұз және басқа да инертті материалдарды сақтауға арналған. Бұл өз кезегінде ауа райының қолайсыз жағдайларында жолдарға жедел қызмет көрсетуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: Арыс қаласында теміржол саласының үздік мамандары марапатталды

Арыс қаласында темір жол мекемелері мен кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлер арасында «Үздік маман–2025» мерекелік байқауы жоғары деңгейде өтті. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткен тағылымды шара «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы АҚ филиалының – «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» еңбеккерлері аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - теміржол саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, еңбек адамын дәріптеу, қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындығын жетілдіру.

Түркістан: Сауран ауданында «Арақсыз ауыл» бастамасы аясында кеңейтілген жиын өтті

Сауран ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдіктің зиянын түсіндіру және ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету мақсатында «Арақсыз ауыл» бастамасы аясында ауылдық округтердің жеке кәсіпкерлерімен кеңейтілген жиын өтті. Іс-шара аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: бәйдібектік жастар – облыстық премия жеңімпазы атанды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында өткен «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының салтанатты марапаттау кеші жоғары деңгейде өтті.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жұмысшы мамандық иелеріне құрмет көрсетілді

Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ауданымыздың түрлі салаларында адал еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және табандылығымен ерекшеленіп жүрген жұмысшы мамандық иелеріне арналған салтанатты жиын өтті. Шараның басты мақсаты – еңбекті дәріптеу, кәсіби шеберлікті бағалау және жас ұрпаққа еңбекқорлықтың жарқын үлгісін көрсету.

Түркістан облысы: Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында жаңа медициналық орталық ашылды

Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылды. Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы пайдалануға берілді. МӘМС жүйесі арқылы тұрғындар тегін медициналық қызмет алады.Медициналық орталықтың ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлы қатысып, ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданы ауыз сумен 100 пайыз қамтылды

Мемлекет басшысының барлық елді мекендерді таза ауыз сумен 100 пайыз қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданында жүргізілген жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып, биыл бұл межеге толық қол жеткізілді. Осылайша Ордабасы Президент тапсырмасын мерзімінде орындап, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз еткен өңірлер қатарына қосылды.

Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға тұрғын үй табысталды

Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы мақсатта ауылға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады. Салтанатты шара барысында ауыл қариясы Садық Әбдірашұлы аталған игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар баспана иесінің қуанышын бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Түркістан облысы: Отырарда кәсіпкерлікті бастау және жүргізу, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.