Түркістан облысында заманауи спорттық-оқыту хабының құрылысы жоспарлануда
Түркістан облысында спортты, туризмді және инвестицияны дамытуға бағытталған жаңа ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осыдан бірер күн бұрын инвесторлармен кездесіп, Ұлттық спорттық-оқыту және сауықтыру хабын салу мәселесін талқылады. Жобада футболшыларға арналған заманауи, тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу базасы қарастырылған. Ауқымды инвестжоба Сарыағаш ауданында салынбақ. Бұл аймақ ауа-райының қолайлылығымен ерекшеленеді, сондықтан база жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алады.