Super User

Super User

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРУДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бұл жайында брифингте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биыл 21 сәуірден бастап Республика көлемінде заңсыз сақтауда тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өтеді. Іс-шара ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРҒАН ЖАС СПОРТШЫ МЕН БАПКЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жеткен жерлесіміз Мақсұт Ахмет пен оның бапкері Бейсембаев Бақытжанды қабылдады.

САУРАН АУДАНЫ: ЖОЛ САПАСЫ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында екі маңызды мәселе қаралды. Алдымен, аудан көлемінде жол саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабеков кеңінен баяндады.

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Отырар ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда. Сенбілік барысында аудан әкімдігі бекіткен көшелерді тазартуға тиісті мекеме қызметкерлері қатысып, көше бойындағы қураған шөптер, тал бұтақтар кесіліп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды.

Осы RSS каналға жазылу