Отырар ауданы: Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақкөл ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде ауыз су жүйесін жүргізу мен ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы, Отырар ауданының прокуроры Әмір Пулатұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.