Super User

Super User

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекеті жаңғыртудан кейін қайта іске қосылды

Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті ашылды. Нақтырақ айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» заманауи технологиялық өткізу пункттері пайдалануға берілді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру жөніндегі жүйелі қадам. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылында орналасқан «Қазығұрт» өткізу бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Түркістан облысында сүт өндірісін жаңа деңгейге көтерген «Бөрте Милка» жобасы толық іске қосылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында орналасқан «Бөрте Милка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлы-сүт фермасын кеңейту жобасы толық іске қосылып, Түркістан облысының сүт өндірісін жаңа сапалық деңгейге шығарды. Жоба еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін жаңғыртуға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері аясында жүзеге асырылды.

Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мәселесіне арналған жиын өтті

Түркістан облысында тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы: қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен ізгілендіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер жөненді мәжіліс өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.

Осы RSS каналға жазылу