Кентауда абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда
Кентау қаласында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 8 аулаға балалар ойын алаңшалары, спорттық жаттығу элементтері мен кіші футбол алаңшалары орнатылуда.