Түркістан облысы: Түлкібас ауданында өңір экономикасына серпін беретін заманауи талапқа сай әк зауыты ашылды

Күні кеше Түркістан облысы Түлкібас ауданында өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі өндірістік жоба – «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС-нің әк шығаратын зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың іске қосылуымен құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.

Түркістан облысында қуаты 300 мвт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды

Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған жоба – өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, жасыл энергетика үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: жетісайлық балуандар халықаралық турнирде 15 медаль жеңіп алды

Түркістан облысына қарасты Жетісайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен «Ой қамшы» әдеби, тарихи білім жобасының бастамасымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Оразгелді ата ұрпақтарының демеушілігімен «Елім менің – Қазақстан» ұранымен еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Айтулы сында Жетісай ауданының жасөспірім балуандары 15 медаль иеленді.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында шалғай жатқан ауылдар орталықтандырылған ауыз суға қосылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтерінің бірқатар елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Түркістан облысы: AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды

Қазіргі заманғы білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, нақты өндірістік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта № 34 жалпы білім беретін мектебінде AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды.

Арыстық оқушы республикалық «Жұлдыз болғым келеді» І республикалық байқауында жеңімпаз атанды

Елордада Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналып алғаш рет ұйымдастырылған «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шығармашылық жоба — жас таланттардың арманы мен дауысына қанат бітірудің жаңа алаңы.

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Отырар ауданында ауыл тұрғындары 100 мың көшет егуді жоспарлап отыр

Отырар ауданында ауыл тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен сүйіспеншілігін айқындайтын игі бастама бастау алды. Көксарай ауылының жастары мен жасы 70-ке келген қарияларына дейін ауылды көркейтуге білек сыбана кіріскен. Елді мекенге кіретін күре жол бойына көшет егіп, қоршау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ішкі көшелердің бойын көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Бұл бастама ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға, көріктендіру ісін ілгерілетуге бағытталған тың қадам болып отыр.

Түркістан облысы: Шарадара ауданында ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі биыл 64,9 млрд теңгеге жеткен

Шардара аудандық мәдениет үйінде өткен «AGROFEST Шардара – 2025» шарасында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауыл шаруашылығы саласының үздік еңбеккерлеріне алғыс айтып, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Аудан басшысы өз сөзінде Шардараның аграрлық әлеуеті жыл сайын артып келе жатқанын, диқандардың бірлігі мен жүйелі жұмысының нәтижесінде барлық негізгі дақылдар бойынша жоғары өнім алынғанын атап өтті.