Шымкенттегі 148 мектепте «Эко-сағат» акциясы өтті

Шымкент қаласының барлық мектептерінде «Эко-сағат» акциясы басталды. Республика көлемінде жаппай бастау алған акция аясында қаладағы №89 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы ат басын бұрды

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 6 мектеп пайдалануға беріледі

«Адами капиталды дамытудың көзі ретінде білім беру мазмұнын жаңғырту». Қазығұрт ауданында өткен тамыз конференциясы осылай аталды. Басқосуда білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Түркістан: Қ.А.Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінде аудиогид жобасы іске қосылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер мен туристер аталған құрылғыдан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет алып, саяхат жасай алады.

Түркістан қаласында педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесі өтті

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесі өтті. 

Түлкібас ауданында «Өңір және тұлғалар» атты тарихи деректі конференция өтті

Түлкібас жері – иісі қазақтың мақтанышына айналған, Алаштың жоғын жоқтап, мұңын арқалаған, қазақ халқының ұлы перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ата қонысы, қазақтың біртуар ұлдары Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза тағы басқа да тарихи тұлғалардың туған жері. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бүгінгі өткен конференцияның мақсаты, халқымыздан шыққан асыл азаматтардың кейінгі ұрпаққа қалдырған еңбектерін насихаттау, тұлғаларды кеңінен ашу.

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға оқу құралдары табысталды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы аз қамтылған отбасыдан шыққан 55 балаға мектепке қажетті формалар алып берді. Шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылуда. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы: 1 сыныпқа қабылдау цифрлы жүйе арқылы жүзеге асуда

Түркістан облысының барлық мектептерінде mektep.sitcen.kz порталы арқылы оқушыларды 1-ші сыныпқа қабылдау маусым айынан бері жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова мәлімдеді.