«WorldSkills Shymkent - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті

\Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent - 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықтармен құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 14 колледжінің базасында өтті.

«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді.

Үміткер қатысушылар тек жеке кәсіби сапасын ғана емес, сонымен қатар, қызмет көрсету сапасының деңгейін де көрсете білді.

Чемпионат нәтижесінің қорытындысына сәйкес CIS халықаралық бағалау жүйесінің критерийлері бойынша бағаланып, І дәрежелі дипломды 50 студент, ІІ дәрежелі дипломды 52 студент, ІІІ дәрежелі дипломды 47 студент иеленсе, «Үздік маман» номинациясын 6 студент иеленді. Ең үздік деп танылған І дәрежелі диплом иегерлері өткізілуі ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отырған республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатына жолдама алды.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясында техникалық және кәсіптік мамандықтардың сапалылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылуда.

Колледждерде «Жаңа индустрияға өндірісті көтеретін, жұмыс берушілердің талабына сай келетін мамандар даярлау» қағидасына сай міндеттер сатылап жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, білім берудің мазмұнын жаңарту, сабақ беретін инженер-педагогтардың білім деңгейін көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастықтықта тығыз байланыс жасау.

Шымкентте «WorldSkills Shymkent - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent - 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 13 колледжінің базасында өтеді.

Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу, бұл мамандықтардың танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру.

WorldSkills – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген Халықаралық жоба. Кәсіптік-техникалық мамандықтың деңгейін арттыратын бұл жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері бола білді. Жоба шеңберінде қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру жоспарланған.

«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізіледі.

Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалайды.

«WorldSkills Shymkent - 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілуі барысында 9-11 сынып түлектері үшін «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, өткізілмек. «Ашық есік» күндері мектеп оқушыларына колледждердің материалдық-техникалық базасы мен жетістіктері таныстырылып, инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып өткізіледі.

 

 

Шымкентте аралас тілді 154 мектепте 157 816 оқушы білім алады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.

Ел Президенті «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл – өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады.

Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады»,- дей келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді отбасынан, балабақша мен мектептерден бастауды тапсырды.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылып келеді. Атап айтсақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған.

Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» оқу құралы арқылы дәріс берілуде. Бұл оқу құралында әлеуметтік-тұрмыстық, күнделікті өмірде қолданылатын сөз орамдары мен лексикалық минимумдар, сөйлеу әрекеттерінің жазылымы, оқылым, сөйлесім, тыңдалым, айтылым бөліктері қамтылған.

Сондай-ақ, Шымкенттегі этномәдени орталық қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Тілашар - сөздік» әдістемелік оқу құралдарын дайындалып жатыр. Бұл оқу құралы да өзге тілді қазақстандықтардың мемлекеттік тілді тез меңгеруіне мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 246 білім беру мекемесі бар. Оның ішінде 92 мектепте 91371 оқушы қазақ тілінде білім алса, аралас тілді 154 мектепте 157 816 оқушы оқиды. Бүгінде аралас тілді мектептерде өтетін іс-шараларды қазақ тілінде өткізуге басымдық беріліп отыр.

Шымкент: Жайлы мектептердің инфрақұрылымы талаптарға сай болуы керек!

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.

Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.

Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.

Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” - деді қала әкімі.

Сондай-ақ халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті. Басқарма басшыларына құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген. «Бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толығымен шешуі керек», деп есептейді үкімет басындағылар.

Шымкент: Балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет

Елімізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында да күн тәртібінен түскен емес.

2022 жылы 2-6 жас аралығындаға бүлдіршіндерді балабақшамен қамту - 76,2 пайыз, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз қамту жоспарланған-ды. Былтыр Шымкентте 2710 орынға арналған 33 жекеменшік балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары толығымен орындалды. Нәтижесінде қаладағы 587 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 85 830 баланың 79 857-сі балабақшамен қамтылып, жалпы көрсеткіш 93 пайызға жетті. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 63 601 бала толығымен, яғни 100 пайыз мектепке дейінгі ұйымға қабылданған. Ал, 2-6 жас аралығындағы 81 314 баланың 76 619-сі балабақшамен қамтылып, бұл 94 пайызды құрап отыр, - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева.

Мемлекет басшысы «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет» деген болатын.

Осы мақсатта Шымкентте «Бір топта күні бойы екі педагог» пилоттық жобасы іске қосылды. Яғни, қаладағы 3 балабақшада — №56 және №63 мемлекеттік, «Әйгерім» жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымында жүргізіліп отыр.

Айта кетейік, Шымкентте 2025 жылға 2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуді 95,2% пайызға жеткізу мақсатында жаңа 9000 орын ашу жоспарланған.

Жол картасын жүзеге асыруда қалалық білім жүйесінде не өзгерді?

ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамыту бойынша Жол карталарын әзірлеуді жалғастыруда. Министрлік пен әкімдіктердің бірлескен құжаты өңірлердегі білім саласындағы мәселелерді нақты шешіп, кешенді дамытуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері жол картасы республикалық маңызы бар үш қалада және Ақтөбе облысында қабылданды. Шымкент қаласының жол картасын жүзеге асыру нәтижелері:

• Жоғарғы жылдамдықтағы 100 мб/с төмен емес интернет желісімен 100 мектеп қамтамасыз етілді. Қаралған қаржы – 554,3 млн.тг.

• Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілді.

• 3 мектептің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріліп, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар, Шымкент аграрлық-техникалық колледжіне соңғы үлгідегі қосымша құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріледі.

• Бір айда 8 000 баланы қосымша білім берумен қамту мүмкіндігі бар соңғы үлгідегі «Оқушылар сарайы» және 1 800 балаға арналған «Өнер мектебі» ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.

• 4 мектепке типтік үлгідегі спорт алаңшасын салу құрылыстары басталды. 185,6 млн.тг. қаржы қаралды.

• Жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 1 767,4 млн.тг. қаржы қаралып, жалпы 141 мектепке кабинеттер, 320 дана интерактивті панельдер сатып алынуда. Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артатын болады.

• Балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында білім ұйымдары жанындағы 35 жаяу жүргіншілер өткелі, 12 бағдаршам, 42 жол белгілері, 16 көшелердің жарықтандырылуы мен 812 метр жаяу жүргіншілердің аяқжолдары талаптарға сәйкестендірілді. Қаралған қаржы – 486 млн.тг.

Шымкенттің жас ғалымдары үздік деп танылды

2023 жылғы 04-06 сәуір аралығында Дарын Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы онлайн форматта Google Meet платформасы арқылы өткізілді. Конкурстың қорытынды кезеңіне 19 секция бойынша 59 оқушы 56 жоба қатысты.

Шымкент қаласы 4 АЛТЫН, 7 КҮМІС, 17 ҚОЛА, 4 ГРАМОТА-ға ие болды!!!

Нәтижесінде:

1. Пердеқұл Алдияр Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, этномәдениеттану секциясы - І орын;

2. Төреқұл Шұғыла Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты, биология секциясы - І орын;

3. Цуркан Константин Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, физика секциясы - І орын;

4. Еділбекова Шырын №88 жалпы орта білім беретін мектебі, химия секциясы - І орын;

5. Аббас Аида Білім-инновация" қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты, құқық негіздері секциясы - ІІ орын;

6. Серік Айару Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты, ағылшын тілі секциясы - ІІ орын;

7. Өлмесхан Аида №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы, этномәдениеттану - ІІ орын;

8. Абдыхалық Нұрғиса №54 жалпы орта білім беретін мектебі, орыс әдебиеті секциясы - ІІ орын;

9. Әтрет Нұршат Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты, экономика секциясы - ІІ орын;

10. Есіркеп Рамазан №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты, биология секциясы - ІІ орын;

11. Байжүрек Баязит Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы - ІІ орын;

12. Арыстан Шынар Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп, тарих секциясы - ІІІ орын;

13. Данияр Нұрай Білім-инновация" қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты, орыс тілі секциясы - ІІІ орын;

14. Құдайберген Нұрдана №137 жалпы орта білім беретін мектебі, қолданбалы математика секциясы - ІІІ орын;

15. Абдыхали Мирас Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия, қолданбалы математика секциясы - ІІІ орын.

Шымкент: Жеке мектеп салып, мемлекеттен жылына 92 млн. теңге алуға болады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында "қаржы орталығы" АҚ, ЕҚДБ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қатысуымен Білім комитетінің кезекті отырысы өтті.
Комитет отырысында "қаржы орталығы" АҚ өкілдері жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде студенттік жатақханалар мен жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау бағдарламасының жаңартылған нұсқасымен бөлісті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласында 27 931 орын, ал Шымкент қаласындағы жатақханаларда орын тапшылығы 1485 орынды құрайды.
"Ақшалай төлемдер түріндегі мемлекеттің жоғары қажеттілігі мен қолдауын ескере отырып, кәсіпкерлерге жеке мектептер мен студенттік жатақханалар салу тиімді деген қорытынды жасауға болады.
Бағдарламаның операторы "Қаржы орталығы" АҚ болып табылады және Бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен және заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын ала шарт жасасуға өтінім беру жеткілікті", - деді "Қаржы орталығы" АҚ жылжыту және сыртқы коммуникациялар департаментінің аға маманы Оңғарбаева Арманай.
Ол қазіргі уақытта мемлекеттен студенттік жатақханалар салу үшін жер учаскесін алу тетігі әзірленіп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілі Кабираева Махаббат консалтинг шығындарын өтеу бағдарламасы, оның ішінде ЖСҚ әзірлеу шығындары туралы ақпарат берді.
"Бизнеске жол" жобасы туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті штабының бөлім бастығы айтып берді.
"Бизнеске жол" - мақсаты кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесу, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылатын жоба.
Отырыс соңында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, жауаптар алды, олар одан әрі ынтымақтастық үшін байланыстармен алмасты.
"Атамекен" ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментіне және жоғары тұрған органдарға проблемалық мәселелерді жіберу туралы шешім қабылданды.