Шымкентте 272 мектеп оқу жылын қорытындылады
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Шымкентте қалалық білім басқармасына қарасты 272 мектептің барлығы бірыңғай сынып сағатын еліміздің Әнұранымен ашты.
Сынып сағатының аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.