Түркістан: көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған семинар ұйымдастырылды
Ұлттық қолөнерді жастарға үйрете отырып дамыту және насихаттау мектеп қабырғасындағы көркем еңбек пәнінен бастау алатындығы белгілі. Оқушы мектеп партасында алған білімін одан әрі жалғастырып, ұлттық қолөнерімізді дамыту бағытын алдына қойса, жәдігерлеріміз жаңғырып, халқымыздың ұлттық қолөнерін әлем танитындығы сөзсіз. Бұл орайда, білім ордаларындағы аталған пән мұғалімдерінің қосар үлесі де зор болмақ.