Созақ ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті
Бүгін «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Бүгін «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты өтіп жатыр. 15-18 қазан күндері аралығына жоспарланған сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, еліміздің барлық өңірінен жалпы 19 команда келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бүгін «Қазан fest» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің «Мәдениет және өнер» факультетіне қарасты «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы ұйытқы болды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен,Сауран ауданы активімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды. Актив отырысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, негізгі бағыттар мен жүзеге асқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауданда өндірісті, инвестиция саласын, туризмді, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Бүгін С. Қожанов атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінде Созақ өңірінің ақпарат айнасына айналған аудандық «Созақ үні» газетінің 95 жылдық торқалы тойы кең көлемде аталып өтті.
Бүгін Созақ ауданының орталығында азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмыс ұсыну және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату екенін атап өтті.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан ауылдық округінде агроөнеркәсіптік бағыттағы ірі жобалардың бірі – мал бордақылау алаңдарының құрылысы барысымен танысты.
Түркістан облысының Сауран ауданында аз қамтылған отбасыларды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған ерекше әлеуметтік жоба іске қосылды. Жергілікті билік бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы аясында жаңа әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ руханиятының қос алыбы» атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттап, олардың ұлттық рухты оятудағы рөлін көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапармен барып, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын бақылады. Аудан экономикасын дамытуға серпін беретін жобалармен танысып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы игі бастамаларға қашан да қолдау болатынын жеткізді. Кәсіпкерлермен жүздесіп, құрылыс сапасына немқұрайлы қарамай, бастаған істі жауапкершілікпен аяқтауды тапсырды.