ORDABASY: Темірланда 75 000 дана маусымдық гүлдер мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлдері отырғызылған
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл округінің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жағдайы талқыланды.