Super User

Super User

Отырар ауданында кәсіпкерлер күні аталып өтті

Отырар ауданында кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Оралбай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Отырар аудандық филиалының директоры Ұлан Абдрахимов, сондай-ақ ауданның белсенді кәсіпкерлері мен қонақтар қатысты.

Отырар ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыс етілді

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы көпбалалы аналарды қабылдап, еліміздің демографиялық дамуына және ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келе жатқан ардақты жандарды марапаттады. Іс-шара барысында аудан басшысы аналарға құрмет көрсетіп, мемлекетіміздің болашағы – өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Отырар ауданының 90 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізілді

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы даланың жүрегі - Отырар: тарих, мәдениет, және дәуір» атты ғылыми - танымдық конференция өтті. Аудандық мәдениет сарайындағы тағлымды іс-шараға келушілер алдымен отырарлық белгілі қылқалам шебері Әділхан Мәліктің шығармашылығына негізделген «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының тұмары» сурет көрмесін тамашалады. Конференцияға отырарлық ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Серік Сейітман модераторлық етті.

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Берекелі – алтын күз» іс-шарасы ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданының 90 жылдық меретойы кең көлемде аталып өтуде. Іс-шара аясында аудан орталығында «Берекелі – алтын күз» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға келген көпшілік орталық алаңдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, «Отырар шұғыласы» атты қолөнер бұйымдары мен ұлттық құнды жәдігерлердің, көркемсурет және танымдық кітаптар көрмесімен танысты.

Осы RSS каналға жазылу