Super User

Super User

Түркістан облысы: Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында жаңа медициналық орталық ашылды

Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылды. Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы пайдалануға берілді. МӘМС жүйесі арқылы тұрғындар тегін медициналық қызмет алады.Медициналық орталықтың ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлы қатысып, ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданы ауыз сумен 100 пайыз қамтылды

Мемлекет басшысының барлық елді мекендерді таза ауыз сумен 100 пайыз қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданында жүргізілген жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып, биыл бұл межеге толық қол жеткізілді. Осылайша Ордабасы Президент тапсырмасын мерзімінде орындап, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз еткен өңірлер қатарына қосылды.

Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға тұрғын үй табысталды

Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы мақсатта ауылға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады. Салтанатты шара барысында ауыл қариясы Садық Әбдірашұлы аталған игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар баспана иесінің қуанышын бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Түркістан облысы: Отырарда кәсіпкерлікті бастау және жүргізу, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Осы RSS каналға жазылу